Соңғы жылдары ҚР Президенті Тоқаев Қ.К. ғылым саласына үлкен мән беріп, оны мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің көшбасшысы ретінде айқындап, сол арқылы қазақстандық ғылымға жаңа серпін, жаңа қарқын берді. Қазақстан ғылымының символы, негізін қалаушы Сәтбаев Қ.И. туылған күніне қойылған «Ғылыми қызметкерлер күні» жылдан-жылға ауқымдалып, мемлекеттің барлық аймақтарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, еліміздің ғалымдарына ерекше назар аударылатын күнге айналып отырғаны – өте жағымды, қуантарлық жайт.      

        Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты да бұл күнге айрықша мән беріп, бірқатар шаралар ұйымдастырды. Соның бірі – бүгін, 09.04.2025 жылы Институттың актовый залында ұйымдастырылған Механика және машинатану институтының ғылыми зерттеулерінің перспективалық бағыттары»атты ғылыми-тәжірибелік семинар.

        Аталмыш семинар Институттың осы күнге дейінгі жетістіктері мен алдағы уақытқа жоспарлап отырған бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, өзекті мәселелерін талқылап, шешімдерін анықтауға бағытталды. Бас директор Уалиев З.Г. құттықтау сөзімен ашылған семинар, Институттың беделді ғалымдары Төлешов А.Қ., Телтаев Б.Б., Ибраев С.М., Джомартов А.А. баяндамаларымен жалғасты.

       Ғылыми-тәжірибелік семинар механика және машинатану саласындағы тәжірибелі, еңбектерімен әлемді мойындатып жүрген ғалымдардың құнарлы, мәнді ақпараттарымен әрленген, қазақстандық ғылымның бүгінгі жағдайы мен ары қарайғы дамуы, Институттың алдағы перспективалары талқыланған өте маңызды іс-шара болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *