11.04.2025 ж. Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану Институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылым қызметкерлері күніне ұйымдастырған іс-шарасына белсенді қатысып, өнімдер мен технологиялардың нәтижелері ұсынылатын ғылыми-танымдық көрмеге ерекше ат салысты. Көрмеде тамақ өнеркісібі, медицина, ауылшаруашылық және ядролық физикаға салаларындағы ғылыми жетістіктер көрсетілді. Стендтер қазақстандық технологиялар, инновациялар және ғылыми өнімдер туралы ақпараттармен қамтылды.

    Институт тарапынан түрлі салаларға бағытталған жабдықтар және автоматтандырылған роботтар көрсетілді. Олардың уран салысынан бастап, медицина саласына да  бағытталған түрлері ерекше назар аударды. Ғылымның түрлі салалардағы жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған бұл шешімдері – қоғамға өте пайдалы және ұтымды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *