Көшпелі ғылыми семинар: BR21881957 «Бие мен түйе сүтін терең өңдеу технологиясын және вакуумды-мұздатып кептіру жабдығын әзірлеу»
Бүгін 08.04.2025 ж., Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ұйымдастыруымен, «Қазақстан Ғылыми қызметкерлері күні» мерекесіне орайластырылған BR21881957 «Бие мен түйе сүтін терең өңдеу технологиясын және вакуумды-мұздатып кептіру жабдығын әзірлеу» атты көшпелі ғылыми семинар өткізілді. Семинар «Агроинженерия» ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми базасында өтті. Мақсаты – жоба аясындағы ғылыми-зерттеу және технологиялық әзірлемелердің орындалу барысына шолу жасап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, тәжірибе алмасу және ғылыми-инженерлік ынтымақтастықты нығайту.
Семинарға институттың басқару аппараты, бөлім жетекшілері, жетекші ғалымдар, жобаның негізгі орындаушылары мен сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында бие мен түйе сүтін терең өңдеу және оны вакуумды-мұздатып кептіру технологияларын дамытудағы жетістіктер көрсетілді. Сондай-ақ, аталмыш жоба аясында қол жеткізілген шешімдер мен жетістіктер қатысушылар назарына ұсынылды. Бяандамашылардың идеялары қызу ғылыми талқылауға жол ашып, жобаның тәжірибелік және өнеркәсіптік маңызы жан-жақты талқыланды.
Мұндай кездесулердің, соңғы жылдары қарқынды дамып, мемлекет тарапынан жақсы қолдау тауып отырған ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру және дамыту барысына қосатын үлесі зор. Көшпелі семинар табысты өтіп, қатысушыларға жаңа ұмтылыстар мен міндеттерді айқындап, кәсіби ынтымақтастықтың жаңа бір кезеңіне жол ашқан тиымды алаң болды.