Семинарда Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саясатының жаңа ережелері, сорғыш штангалы терең ұңғымалық сорғылардың қызмет ету мерзімін ұлғайту бойынша конструкторлық және технологиялық шешімдерді әзірлеу мәселелері, сорғы жабдықтарының заманауи сымсыз диагностикалық технологиялары және басқа да мәселелер қарастырылды.

Сонымен бірге Академик Ө.А Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының өкілдері – Төлешов Амандық (ҒТБ жетекшісі, бас ғылыми қызметкер), Қуатова Мөлдір (Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары) Институттың бас директоры З.Уалиев мырзаның құттықтау сөзін жеткізді және аталмыш университет тарапынан институттың ғылыми жобаларына қатысатын 5 мұғаліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент-мүшесі дипломы мен академиялық кеңесші дипломдарын тапсырды. Университет өз кезегінде Төлешов Амандық мырзаны университет мұғалімдерін өз жобаларына тартқаны және университеттің ғылыми қуаттылығының артуы, академиялық байланыстардың нығаюына қосқан үлесі үшін М. Қозыбаев атындағы төс белгісімен марапаттады.

Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты жоғары білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасауға үлкен мән беріп, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен екі жақты ынтымақтастық орнату келісім-шартына қол қойды.

@kozybayevuniversity