Академик А.Қ.Төлешовтың жетекшілігімен Қазақстан делегациясы Қытайдағы екі жетекші ғылыми мекемеде: Қытай Ұлттық ғылым академиясына қарасты жетекші институттардың бірі болып табылатын Шеньян автоматтандыру институтында және осы елдегі ең мықты үш университеттің бірі болып саналатын Шанхай Цзяо Тун университетінде (Shanghai Jiao Tong University) болды.

Сапар барысында Шанхай Цзяо Тонг университетімен студенттер алмасу, бірлескен зертхана құру және инновациялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде бірлескен робот жасауды көздейтін меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды. Алдыңғы қатарлы технологияларды, басқару жүйелерін және роботтарды оқыту әдістерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстандық делегация робототехника саласындағы соңғы жетістіктерге шолу жасады, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған роботтар, айға ұшатын роботтар, шаңғы роботтары және гуманоидты роботтар. Сондай-ақ суды және лазерлік жағуды пайдалана отырып, дәл егіншілікке және арамшөптермен күресуге арналған ауылшаруашылық роботтарына қызығушылық болды.

Шанхай Цзяо Тун университеті мен Шеньян автоматтандыру институты халықаралық аренада ғылым мен техниканың дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға, бірлескен зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерге жаңа мүмкіндіктер ашуға маңызды қадам болды.