Қазіргі уақытта Институттың барлық түлектері мақсатты грант бойынша Институтта 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Бұл түлектерге оқуды бітіргеннен кейін 100% жұмысқа орналасуға үлкен көмек.
2014 жылдан бастап «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кадрларды даярлау орталығы құрылды, ол ҚазҰУ мен ҒЗИ арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын Институттар базасында магистратура және докторантура деңгейінде іске асыру туралы «Ғылым ордасы» ғимаратында орналасқан ғылыми институттармен Бас келісім негізінде жұмыс істейді. 2019-2021 жылдар кезеңінде «6D060300 — Механика» — (деформацияланатын қатты дененің механикасы, механизмдер мен машиналар теориясы), «8D07117 — робототехникалық жүйелер», «8D07111- Ғарыштық техника және технологиялар БББ- на 14 докторант түсті.