Бүгінгі таңда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жанынан робототехника және мехатроника бойынша бірлескен диссертациялық кеңес жұмыс істейді және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан жаңа диссертациялық кеңес құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. ИММаш ғалымдары сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ диссертациялық кеңестерінің уақытша мүшелері және (немесе) ресми рецензенттері болып табылады.Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, АТУ 50-ден астам студенттері, магистранттары мен докторанттары ИММаш базасында ғылыми-практикалық тағылымдамадан және кәсіптік практикадан сәтті өтті.